Біздің компанияның миссиясы болып, Қазақстан композиттері нарығына қатысушыларды шыныпластикалық бұйымдарды өндіруге арналған жоғары сапалы материалдармен кешенді қамтамасыз ету табылады.
Біздің компанияның миссиясы болып, Қазақстан композиттері нарығына қатысушыларды шыныпластикалық бұйымдарды өндіруге арналған жоғары сапалы материалдармен кешенді қамтамасыз ету табылады.
Біз жетекші еуропалық өндірушілердің бірі – итальяндық LAVESAN SRL компаниясының полиэфирлі және винилэфирлі шайырларының, гелькоуттардың, желімдер мен шыны материалдарының кең ассортиментін ұсынамыз.
Сонымен қатар, cіз бізде үдеткіштер, катализаторлар, бөлгіш агенттер, илектеу және бөлшектеу білікшелері, мөлшерлегіштер және т.б. сияқты көмекші материалдар мен құрылғыларды әрқашан таба аласыз.
Біз Сізді серіктестеріміздің арасында көруге қуанышты боламыз.
LAVESAN компаниясы өндірісінің LERPOL сауда маркасының полиэфирлі және винилэфирлі шайырлары жоғары сапамен ерекшеленеді.
Кең ассортимент қолмен жағу, бүрку, RTM, инфузия, құю сияқты қолдану технологиясына сүйене отырып, сондай-ақ автомобиль жасау, кеме жасау, өнеркәсіп, құрылыс, сантехника, отқа төзімді бұйымдар, химияға төзімді бұйымдар, матрицалар мен қалыптар және т.б. секілді соңғы өнімнің қолданылу саласына байланысты сізге қажетті шайырды таңдауға әрқашан мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, біз шайырларды нақты клиенттің өндірістік процесінің қажеттіліктеріне қарай өзгертуге дайынбыз.
Ортофталь, DCPD, изофталь немесе винилэфир негіздерінде. Талшықтарды тез сіңдіру, тегіс және тік беттерде қолдануға ыңғайлы болу үшін жасалған. Стиролдың төмен мөлшерімен қол жетімді.
Шайыр формулаларының сан алуандығы әртүрлі жұмыс жағдайында әртүрлі қалыңдықтағы ламинаттарды жасауға мүмкіндік береді.
Арнайы материалдармен қолдануға арналған арнайы шайырлар (көбікполистирол, метилметакрилат, AБС және т.б.)..
Ортофталь, DCPD, изофталь немесе винилэфир негіздерінде. Олар толтырғыштарсыз немесе әртүрлі дәрежеде толтырылып жасалады.
Жақсы аққыштықпен сипатталады және бұйым бетінің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
DCPD, изофталь немесе винилэфир негіздерінде. Тамаша аққыштық және сіңдіру, қатаю уақытын тиімді болжау.
Ортофталь, DCPD, изофталь немесе винилэфир негіздерінде. Олар толтырғыштарсыз немесе әртүрлі дәрежеде толтырылып жасалады. Тапсырыс берушінің сұрауы бойынша боялуы мүмкін.
Табақ ламинатын, фургон қабырғаларын және т.б. өндіру үшін оңтайландырылған.
Мәрмәр табақтарды нығайтуға арналған.
Ортофталь негізінде. Қолмен қалыптау және бүрку, сондай-ақ құю және RTM үшін тиксотропты түрде жасалады.
Біздің компания шайырлардың осы түрін өндіруде көшбасшы болып табылады. Шайырлар итальяндық және халықаралық стандарттар бойынша кез келген сертификаттау талаптарына сәйкес келеді.
Матрицаны өндіруге арналған нарықтағы ең үздік қолжетімді өнім.
Кең ассортимент қолмен жағу, бүрку, RTM, инфузия, құю сияқты қолдану технологиясына сүйене отырып, сондай-ақ автомобиль жасау, кеме жасау, өнеркәсіп, құрылыс, сантехника, отқа төзімді бұйымдар, химияға төзімді бұйымдар, матрицалар мен қалыптар және т.б. секілді соңғы өнімнің қолданылу саласына байланысты сізге қажетті шайырды таңдауға әрқашан мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, біз шайырларды нақты клиенттің өндірістік процесінің қажеттіліктеріне қарай өзгертуге дайынбыз.
LAVESAN компаниясы өндірісінің LAVECOAT сауда маркасының гелькоуттары айрықша сапасының, қолданудың қарапайымдылығының және кең ассортиментінің арқасында шыныпластик өндірушілерінің жоғары сеніміне ие болды.

Барлық гелькоуттар қылшақпен жағу және бүрку үшін жасалады. RAL каталогы немесе үлгі бойынша кез келген түске боялуы мүмкін.
Бұл біздің тұрақты зерттеулеріміздің ең үздік нәтижесі болып табылады және суға, жарыққа және атмосфералық құбылыстарға барынша төзімділікті талап ететін кеме жасау, санитарлық-медициналық сектор және басқа да бұйымдар үшін соңғы жетістіктерді білдіреді. Оның артықшылығы болып, сарғаюға, бұлыңғырлануға айрықша төзімділігі және суды өте төмен деңгейде сіңіруі табылады.
Бұл гелькоут тамақ өнімдерімен байланысы бар бұйымдарды өндіруде де қолданылады.
Бұйымның тамаша бетін қамтамасыз етеді, сарғаюға және суды сіңіруге төзімділікке ие. Кемелер мен теміржол құрамдары интерьерінің бөлшектері сияқты отқа төзімді бұйымдарды өндіруде қолдануға ұсынылады. Құрамында галогендер жоқ.
Суға және көптеген органикалық өнімдерге жоғары төзімділігі бар бұйымдарды жасау үшін қолданылады; сонымен қатар керемет физикалық-механикалық қасиеттерге ие.
Арнайы химиялық және механикалық төзімділікті қажет етпейтін кез-келген бұйымдар, сондай-ақ судың ұзақ әсеріне ұшырамайтын сыртқы бөлшектер үшін ұсынылады.
Бұл гелькоут ерекше және берік жылтырлығымен, жоғары химиялық және механикалық төзімділігімен ерекшеленеді. Оның жоғары физика-механикалық сипаттамалары гелькоутты матрицалар өндірісінде таптырмас етеді
Кейінгі бояу үшін тамаша негіз болып табылады; сонымен қатар интерьер бөлшектерін жасауға жарамды.
Біз композиттік өнеркәсіптің әртүрлі талаптарын қанағаттандыруға қабілетті құрылымдық желімдердің толық спектрін ұсынамыз
Аса кең қолданылатын құрылымдық желімдер:
R.437 – туралған шыныталшықпен
R.441 - машиналық жағуға арналған ұнтақталған шыныталшықпен
R.422 - иілімділігі жоғары винилэфирлі
R.428 - қолмен және машиналық жағуға арналған винилэфирлі
R.484 - туралған шыныталшығы бар жалпы мақсаттағы
R.425 - винилэфирлі
R.490 – изофтальді
R.482 - жалпы мақсаттағы
Композиттердің беріктігі мен өнімділік сипаттамаларын жақсарту.
шынытөсем
шыныжөке
көп қабатты материалдар
ровингтер
полиэфирлі тоқыма емес материалдар
шыныперде